Атырау, 13 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Назарбаев: Елімізде полицейлерге деген сенім болуы керек

2 413 просмотра

Фото: akorda.kzНұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары қызметкерінің қандай болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәселені Мемлекет басшысы Модернизация бойынша Ұлттық комиссияның қызметі мәселелері жөніндегі кеңесте көтерді.

Елбасы құқық қорғау органдарына қызметке баруда конкурс процедураларын қолданудың қажеттегіне назар аударды.

"Елімізде полицейлерге деген көзқарас өзгеруі керек. Қызметкерлерге азаматтарымыз сенімі болуы тиіс. Олардың қызметі бірінші кезекте халыққа көмек көрсетуге бағытталуы керек", - деді Қазақстан Президенті.

Назарбаев елдің құқық қорғау органдарының модернизациялануы мәселесін жергілікті полиция қызметтерінің құзыретін шектеу және есеп берушілігі саласында қосымша жетілдіруді тапсырды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


24 қараша 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.