Атырау, 13 қазан 19:22
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Депутат Хаменова Астана атауын Елбасы деп өзгертуді ұсынды

6 221 просмотра

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, Астана атауын Нұрсұлтан немесе Назарбаев деп өзгертуге болады. Ол бүгін парламенттің бірлескен жиынында Астананың атауына президент Назарбаевтың есімін байланыстыру идеясын ұсынған,- деп хабарлады Азаттық.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, отырыс кейін журналистерге сұхбат берген Сұлтанов Астана атауын өзгерту ұсынысы арнайы талқыланатынын айтқан.

Сұлтановтың ойынша, егер астана атауын өзгерту шешімі қабылданса, оған кететін шығын "елдің дамуына, ұлттық сана, мемлекеттілік және тарихтың қалыптасуына жұмсалады".

Сұлтановтың ұсынысын басқа да депутаттар қолдады. Мәулен Әшімбаев бұл идеяны "дұрыс әрі маңызды" деп бағалады. Ал Зағипа Балиева Астана атауын Назарбаев деп өзгертуді, Бақытгүл Хаменова Елбасы деген атауды құптайтынын айтты. Сенат депутаты Михаил Бортник Астана-Елбасы деген атауды ұсынды.

Дереккөз: Аzattyq.org

23 қараша 2016, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.