Атырау, 13 қазан 19:21
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Елімізде Ұлттық брендтерді басқару агенттігі құрылды

2 942 просмотра

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда жасалған» Ұлттық брендтерді басқару агенттігі құрылғаны туралы брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Аталмыш шараға «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Римма Тәжібаева (суретте) қатысты.

Ол өз баяндамасында 2016 жылды қорытындылады. Оның айтуынша, «Отандық өнімнің орны бөлек. Астанада жақында ашылған «Халық маркасы сауда орталығы қазақстандық тауармен толығуда. Бір жерге топтасқан тек ұлттық брендті тұтынушылардың қатары күн сайын артып келеді.

«Ашылғанына көп болмаған бұл сауда алаңындағы тауарлардың барлығы отандық өндірушілердің қолынан шыққан. Шетелдік өнімдермен терезесі тең түспесе, кем түспейді. Бағасынан мін таппайсыз. Сапасына сын тақпайсыз. Made in KZ белгісі бар ұлттық бренд бүгінде сауда нарығында ойып өз орнын алуда. Кеше ғана жастанған жастықтан, жайғасқан жиһазға дейін шекара ар жағынан жеткізілетін. Бүгінгі жағдай бөлек. Қазақстандық кәсіпкерлер сұранысты саралап, ұсынысты қабылдап, тұтынушыға сапасы жоғары қол жетімді бағамен өз өнімін беруге әзір екенін дәлелдеп отыр»,- деді Р.Тәжібаева.

Отандық өнімнің басын қосқан алаңның артықшылығы - сатушылар орынды жалға алу үшін ақы төлемейді. Яғни, тауарды қою тегін. Қазіргі таңда тауар айналым көлемі 30 миллионан жоғары.

Бүгінге дейін бұл павильонда 100 шақты компания өз орнын алып үлгерді. 10 мыңнан астам отандық тауардың үлгісі бар. Сондай-ақ, 500 бренды орналастыру жоспарлануда. Сонда 100 000 астам отандық тауарға толығады.

«Қазір біз Экспо 2017 қарсаңында қаланың туристік картасына ендік, өйткені, келуші қонақтардың бәрі соның ішінен арнайы іздеп келуде. Экспо 2017 көрмесіне дейін Астана қаласының туристік картасына енген жерлерде тек отандық өнім сататын 7 Duty Free маркеті ашылады», - деді жоба жетекшісі.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Ұлттық брендтерді басқару агенттігінің құрылуына орай, ЭКСПО 2017 көрмесіне арналған жаңа 100 брендтің ашылуы өтеді. Бұл қадам арқылы қазақстандық брендтерді кеңінен насихаттау көзделуде.

Аталмыш жобаға атақты әртістер, спортсмендер және депутаттар қатысады деп жоспарлануда. Жаңа 100 қазақстандық бренд мынадай топтар бойынша ашылмақ: «Қазақстанда жасалған» атауы негізінде азық-түлік, жиһаз, үйге арналған жабдықтар, аяқ-киім, киім-кешек және т.б. шығару жоспарлануда.

Шара барысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы орайластырылған Маңғыстау облысы және ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының қолдауымен екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің құрметіне «ZIBROO FOR АDOKA» балалар спорттық киімдерінің тұсаукесер-таныстыру рәсімі өтеді. Бұл бренд - «Қазақстанда жасалған» Ұлттық брендтерді басқару агенттігінің жаңа 100 брендінің ең алғашқысы. Айта кету керек, бүгінде бұл спорт киіміне 15 000 дана тапсырыс түсіп отыр. «ZIBROO FOR АDOKA» брендін әлемдегі ең танымал брендке айналдыру жоспарлануда.

Дереккөз: BAQ.kz

23 қараша 2016, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.