Атырау, 13 қазан 17:17
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Теңізбаевқа Пекин олимпиадасының күміс медалі берілді

1 821 просмотра

Грек-рим күресінен Пекин олимпиадасында қола медаль алған Қазақстан балуаны Нұрбақыт Теңізбаев араға сегіз жыл салып күміс медаль иеленеді. Бұл шешімді бүкіләлемдік күрес одағының (UWW) ресми сайтында жарияланған,- деп хабарлады Азаттық.

Пекинде Теңізбаев жартылай финалда әзербайжандық Виталий Рахимовтан жеңілген еді. Кейін Халықаралық олимпиада комитеті Рахимовтың Пекинде алған допинг сынамасын қайта тексергенде оң нәтиже бергенін хабарлап, оның нәтижесін жойған еді. ХОК шешімінен кейін UWW Рахимовтың күмісін Теңізбаевқа беруге шешім қабылдады.

Осыған дейін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға да 2008 жылғы Пекин олимпиадасының қола медалі тапсырылған. Рыпакова Пекин олимпиадасында үш қарғып секіру секторында төртінші орын алған. Ал қола жүлдені грекиялық Хрисопия Деветци иеленген. IAAF Деветцидің допинг сынамасын қайта тексергенде допинг табылғанын мәлімдеп, ресми хаттамада Рыпакованы үшінші орынға шығарды.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 қараша 2016, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.