Атырау, 22 желтоқсан 13:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда балалар үйінде алапат өрт шықты

2 590 рет қаралды

Алматыда балалар үйінде алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"21 қарашада, жергілікті уақыт бойынша 23.00-де қалалық ТЖД "101" пультіне Бағанашыл ықшамауданындағы Балалар үйінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Сонымен қатар, құтқарушылар өрт сөндіріп жатыр, онымен қатар адамдарды эвакуацияалады.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жағдай келесідей еді: Ғимараттың екінші қабаты өртеніп жатқан, от үшінші қабатқа және шатырға көшкен. Өрт сөндіру кезінде 161 бала мен персоналдың 12 қызметкері эвакуацияланды. Төрт бала медициналық көмекке мұқтаж болды. Өрт сөндірушілер 23.46-да жалынның бетін қайтарып, 23.59-да толықтай сөндірді. Өрт шалған аумақ - 180 шаршы метр", - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 қараша 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.