Атырау, 13 қазан 17:13
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ортағасырлық Талғар қалашығы ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізімінен алынып тасталмайды

2 846 просмотра

Астана. 21 қараша. ҚазТАГ – Ортағасырлық Талғар қалашығы ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізімінен алынып тасталмайды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

«Бірнеше апта бұрын ел үкіметі Қазақстандағы әлемдік мұра нысандары ЮНЕСКО тізімінде сақталу және осы ұйымның қажетті стандартына сәйкес келу үшін Талғар қалашығы аумағындағы барлық құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы тиісті тапсырма берілді», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковамен кездесу барысында.

Сондай-ақ, кездесу барысында ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізімінде қазақстандық 8 ескерткіштің сақталуы бойынша да келісімдерге қол жеткізді. И.Тасмағамбетовке нысанды бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу туралы сертификат тапсырылды.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 қараша 2016, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.