Атырау, 22 желтоқсан 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтөбеде мұғалімін балағаттаған оқушыға айыппұл салынды

2 087 рет қаралды

Ақтөбеде мұғалімін балағаттаған оқушыға 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынды,- деп хабарлады Азаттық сайты Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбедегі мектептердің бірінің оқушысын мұғалімі сотқа берген. Оған себеп - 10 сынып оқушысы мектеп дәлізінде мұғалім әйелді балағаттаған. Оқушы кәмілетке толмағандықтан жауапкершілікке оның заңды өкілі, яғни анасы тартылған. Баласы бұзақылық жасаған әйел 7 айлық есептік көрсеткішке тең (14 847 теңге) айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

"Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушының анасын әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабы ("Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық") бойынша жауапқа тартты. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ" деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

435-бап бойынша, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық әрекеттерін жасаса, онда айыппұл оның ата-анасына салынады.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 қараша 2016, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.