Атырау, 16 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Сенат арақ пен темекiнiң салығын өсiретiн заңды қабылдады

2 823 просмотра

Бүгiн Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екi оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Заң жобасында 234 түзету көзделген, олардың ішінде салықтық әкімшілендіру бойынша – 207, салық саясаты бойынша – 27.

Заң жобасына сәйкес, алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің фискалдық функциясын күшейту мақсатында акцизді сатылап ұлғайту ұсынылып отыр. Қолданыстағы салық кодексінде акциз мөлшері 2014-2016 жылдарға белгiленген. Ал 2017-2019 жылдарға акциз мөлшері анықталмаған.

Сонымен, 2017 жылы алгокольдік өнімнің 1 литрі үшін акциз мөлшері 2000 теңге көлемінде белгіленбек. 2019 жылы салық 2550 теңгеге дейін өседі. Осылайша, қазіргі уақыттағы акцизбен салыстырғанда 85 пайызға артады. Сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін акциз 2017 жылы – 39 теңге, 2019 жылы – 57 теңгеге дейін ұлғаяды. Ал темекі өнімдерінің 1000 данасы үшін 2017 жылы 6200 теңге, 2019 жылы 8700 теңге мөлшерінде салық салынады. Бүгінгі күнмен салыстарғанда акциз өсімі 74% болады.

Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін өндірісте пайдаланылатын этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады. Ресей мен Беларусьте де осылай босатылған.

Мұнымен қатар, заң жобасында жеке тұлғалардың табысы мен мүлкiн декларациялау мәселелерi бойынша заңнаманы жетiлдiру, оның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң қызметкерлерi үшiн декларациялау мерзiмiн 2017 жылдан 2020 жылға шегеру қарастырылған.

Дереккөз: Baq.kz

17 қараша 2016, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.