Атырау, 7 наурыз 19:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Прокуратура: Болгариядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды

3 056 рет қаралды

Қазақстан бас прокуратурасы бүгін Болгариядан халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының экстрадициялағанын хабарлады. Прокуратураның мәліметінше, 42 жастағы әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Күдіктінің аты-жөні айтылмайды,- деп хабарлады Азаттық.

Ішкі істер департаменті әйелге көлік бизнесінде алаяқтық ісі бойынша іздеу жариялаған. Прокуратураның дерегіне қарағанда, күдікті 2007-2010 жылдары "АҚШ-тан көлік жеткізіп беремін деп алдау арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, қаржысын заңсыз иеленген".

Ресми ақпаратқа қарағанда, Болгариядан жеткізілген күдікті Астанадағы тергеу абақтысына жабылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 қараша 2016, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.