Атырау, 13 қазан 17:14
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қ.Қожамжаров: Мемлекеттiк қызметте «командалық ауысу» әлi бар

1 912 просмотра

Мемлекеттiк қызметте «командалық ауысуды» түбегейлi тоқтату әлi де мүмкiн болмай отыр. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл мәселемен жүйелi айналыспақ. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте агенттiк төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Өте өзектi мәселе. Жалпы, бүгiнгi күнi конкурстан тыс өтетiн тағайындаулардың 25 рет азайғаны байқалады. Орталық мемлекеттiк орган болсын, жергiлiктi жерде болсын, жетекшiсi ауысқан кезде кадрлар жұмыстан кетедi. Өз еркiмен кету, басқа жұмысқа ауысу секiлдi әр түрлi себеп айтылады. Бiрақ мәселенiң тамыры тереңде екенiн бiлемiз», - дедi Қ.Қожамжаров депутаттың сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, заңға сәйкес агенттiк арыз келiп түскен жағдайда ғана iске араласа алады. Бiрақ ешкiм шағымдануға асықпайтын көрiнедi.

«Биыл мұндай жағдай болған жоқ. Сондықтан бiрiншi жетекшiлердiң қызметiн бағалау жүйесiне кадрларды ауыстыру индикаторын енгiзудi ойластырып отырмыз. Екiншiден, бiз осындай жетекшiлердi әкiмшiлiк жауапқа тарта аламыз. Бұл сұрақпен жүйелi түрде айналысатын боламыз», - дедi ол.

Айта кетейiк, өткен жылдың соңында мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылданған болатын. Жаңа талаптар мемлекеттік қызметкерлер арасындағы тамыр-таныстықты, жақындықты, командалық ауысу мен заңсыз қамқорлық көрсетуді жоюға өз ықпалын тигізуi тиiс.

Заңға сәйкес, тек саяси мемлекеттiк қызметшiлерге кеңесші, көмекші және баспасөз хатшысын ғана өзімен бірге алып жүруге рұқсат етіледі. Ал қалған барлық ауысулар ашық конкурстық тәртіппен жүзеге асуы қажет.

Дереккөз: Baq.kz

16 қараша 2016, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.