Атырау, 23 маусым 22:29
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

1 637 рет қаралды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Қожамжаров актердің қайтарған сомасын айтты.

"Бүгінге дейін шамамен 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол "Қазақфильмге" барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді, ол өзіне осындай міндетті алды", - деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

16 қараша 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.