Атырау, 13 қазан 15:22
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Журналист Бигелді Ғабдуллин ұсталды

2 235 просмотра

"Central Asia Monitor" газеті мен "Radiotochka.kz" интернет сайтының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин "лауазымды тұлғалардан мемлекеттік тапсырыс бопсалады" деген күдікпен қамалды деп хабарлады Азаттық сайты коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро ақпаратына қарағанда, тергеу кезінде Ғабдуллиннің өзіне қарасты "Central Asia Monitor" газеті мен "Radiotochka.kz" сайтын пайдаланып "мемлекеттік органдардың басшыларына негативті материалдар жариялау арқылы ақпараттық шабуыл ұйымдастырғаны", "оны тоқтату үшін өзінің медиа ресурстарына лауазымды тұлғалардан мемлекеттік тапсырыс бопсалағаны" анықталған.

Бюро мәліметінше, Ғабдуллин "осындай жолмен жеті мемлекеттік органды бопсалаған". Қазір оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бюро баспасөз қызметі Ғабдуллиннің қазір Астанада қамауда отырғанын ғана айтып, оның қашан ұсталғаны туралы ақпарат бермеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

15 қараша 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.