Атырау, 23 желтоқсан 04:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев АҚШ-тағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді

2 556 рет қаралды

Фото: inform.kzНұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, АҚШ-та өткен сайлау қорытындысы жақсы нәтиже көрсетеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың қайта орнайтынына сенетінін айтты.

"Қазіргі заманда тұрақты үрдісті сақтап қалу оңай емес. Жалпы, АҚШ-та өткен сайлау қорытындысы жақсы нәтиже береді деп айтуға болады. Сайлау нәтижесі барлығынан бұрын екі ел арасындағы диалогтың қайта орнауына және елдер арасындағы келіспеушіліктерде ымыраға келуге ықпал етеді", - деді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 қараша 2016, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.