Атырау, 19 мамыр 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сотталғандар ЭКСПО-2017 кезінде Астанаға келе алмай ма?

1 632 просмотра

Фото: Baq.kzIшкi iстер министрлiгi «ЭКСПО-2017» көрмесi кезiнде түрмеден босап шыққан бұрынғы сотталушылардың Астанаға келуiн шектеудi қарастырып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Мұндай бастаманы Астана әкiмдiгi көтерген болатын. Қала билiгi адам өлтiру, зорлау, қарақшылық, есiрткi сақтап, сату секiлдi аса ауыр қылмыс жасағандардың көрме кезiнде қалаға кiруiн шектеудi ұсынып отыр. Осы ретте айта кетсек, келесi жылдың қаңтар айында Астана жанындағы қатаң және ерекше режимдегi екi түрмеден 380 адам босап, қалаға келедi деп күтiлуде.

ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыповтың (суретте) пiкiрiнше, «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң өтуiне байланысты аса қауiптi қылмыскерлердiң елордаға келуiн шектеу жөнiндегi бастама өте орынды.

«Жалпы алғанда, ақылға қонымды ұсыныс. Тек азаматтардың конституциялық құқықтарын шектемеуiн қарастыру керек. Жалпы, бұл адам құқығын бұзу емес», - деген пiкiрiн бiлдiрдi Жақыпов тiлшiлерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, халықаралық тәжiрибеде үлкен iс-шараларды өткiзген кезде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тек сотталғандардың ғана емес, заңды бұзбайтын азаматтардың да құқығы шектеледi. Қазiргi уақытта Астана әкiмдiгiнiң ұсынысы талқыланып жатыр.

Дереккөз: Baq.kz

11 қараша 2016, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.