Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарағанды облысында үш кенші қаза тапты

1 633 просмотра

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Саранская" шахтасында төтенше оқиға салдарынан үш кенші қаза тауып, бес адам жараланды. Компанияның ақпаратына қарағанда, көмір департаментіне қарасты шахтадағы төтенше оқиға 10 қараша күні кешке жақын болған. Жараланғандар Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілген, олардың бірінің жағдайы ауыр,- деп хабарлады Азаттық.

"Оқиға орнына арнайы комиссия шығып кетті. Комиссия оқиғаның қалай болғанын, себебін анықтайды. Тексеру қорытындысы комиссияның жұмысы аяқталған соң белгілі болады" деді "АрселорМиттал Теміртаудың" баспасөз қызметінен.

Компания төтенше оқиғаны "қайғылы жағдай" деп атағанымен, нақты қандай не болғанын айтпай отыр. Дегенмен, 10 қараша күні кешке жергілікті агенттіктердің бірінің хабарлауына қарағанда, шахтада алдын ала мәліметтер бойынша "аспалы жол үзіліп кеткен".

Дереккөз: Аzattyq.org

11 қараша 2016, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.