Атырау, 13 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Эстонияда басқарушы коалициядағы тартыстан соң үкімет ыдырады

1 738 просмотра

Эстонияда үкіметте экономикалық мәселелерге қатысты бірнеше айға созылған талас-тартыс соңы премьер-министр Таави Ройвасқа(суретте) сенімсіздік вотумын білдіруге ұласты. Парламент сенімсіздік вотумына 9 қарашада дауыс берді. Енді президент Керсти Кальюлайд 14 күн ішінде премьер-министр қызметіне жаңа кандидатын ұсынуы тиіс,- деп хабарлады Азаттық.

Ройвастың Реформа партиясы үкіметті 2005 жылдан бері басқарып келеді. Бірақ соңғы кездері басқарушы коалиция арасында салық салу мәселесіне және елдегі жалпы экономикалық жағдайға қатысты кәдімгідей алауыздық туындаған. Реформа партиясының коалициядағы өзге кіші серіктері - социал-демократтар мен консервативтік Отан және республика одағы партиясы елдегі этникалық орыстар қолдайтын Оңшыл партиямен жаңа альянс құру туралы жедел келіссөз бастайтынын мәлімдеген.

Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше Эстонияда соңғы уақытта Ресейдің Балтық теңізі мен елдің шығыс шекарасына жақын әскери жаттығуларды жиі өткізе бастауына алаңдаушылық күшейген.

Дереккөз: Аzattyq.org

10 қараша 2016, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.