Атырау, 13 қазан 15:20
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Эстремизмге және терроризмге қарсы күрес жөнiндегi заң жобасы Сенатқа жолданды

2 322 просмотра

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екiншi оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Заң жобасының тұжырымдамасы 5 қазанда бiрiншi оқылымда қаралып, мақұлданған болатын. Жалпы, аталған заң жобасы бойынша азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жұмыс тобының 13 отырысы өткiзiлген.

«Iшкi мигранттарды тiркеу мәселесi кеңiнен талқыланды. Жалпы алғанда, жұмыс тобы осы саладағы қолданыстағы нормаларды қолдады. Сондай-ақ заң жобасында ұсынылған үйiне уақытша тiркеусiз адам тұрғызған барлық меншiк иелерiнiң жауапкершiлiгiн бекiтудiң тиiмдiлiгi күмән тудырды. Көп адамды айналып өтпейтiн бұл әкiмшiлiк жауапкершiлiк жүйесiн қайта қарастыру ұсынылды. Осы ескерiле отырып, бұл нормаларды заңға бағынатын азаматтар үшiн түсiнiктi және тиiмдi басқа нормаларға ауыстыру жағы сараланды. Осылайша, меншiк иелерiнiң тек бiр санатының - жалға берушiлердiң ғана жауапкершiлiгi мен мiндеттерi айқындалды», - деп атап өттi халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанат Жарасов.

Оның айтуынша, бұл шешiм үйi жоқ азаматтарға уақытша тұрып жатқан жерiнде тiркелiп, заңсыз жалға берушiлер мен iшкi мигранттарды көлеңкеден шығарып, бұл реттелмеген сегменттi тәртiпке келтiруге мүмкiндiк бередi.

«Қазiргi уақытта елде азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу жүйесi ескерту тәртiбi бойынша реттелген. Ұсынылған нормалар Үкiметтiң қорытындысында да қолдау тапты. Бұл нормаларға негiз болған жағдайлар бар. Ақтөбедегi террористердiң үй жалдап, сонда терактiге дайындалғаны белгiлi болды. Олар қылмыс жасағаннан кейiн де жалдамалы баспанада жасырынған», - дедi ол.

Жалпы алғанда, заң жобасындағы бұл нормалар тiркеу мәселесiндегi халықаралық тәжiрибеге сәйкес келедi.

«Заң жобасының басқа да тұстары, мәселен, қаруды ұстау, сақтау шарты, бақылау секiлдi нормалар да жұмыс тобының отырыстарында жете қаралды. Сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен дiни қызмет саласы, күзет құрылымдарының жауапкершiлiгi секiлдi маңызды мәселелер талқыланды», - дедi депутат.

Дереккөз: Baq.kz

9 қараша 2016, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.