Атырау, 13 қазан 13:18
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Интерпол халықаралық іздеуде болған алаяқты Қазақстанға экстрадициялады

1 615 просмотра

Интерпол халықаралық іздеуде болған күдіктіні Македониядан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ІІМ Интерполы мен Бас прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы ІІД бастамасымен Қызыл бюллетень бойынша халықаралық іздеу жарияланған (тұтқындау және экстрадициялау мақсатымен) 35 жастағы Павел Анатольевич Рукосуевті экстрадициялады.

Осы жылдың 13 мамырында Рукосуев Македония аумағында қазақстандық Интерполдың сұрау салуы бойынша ұсталды.

Айта кетсек, 2014 жылдың наурыз – қыркүйек айлары аралығында П.А. Рукосуев адамдармен топтасып, жалған құжаттарды пайдалана отырып, «РБК Банкінен» ақшалай несие алған. Шығын көлемі 1 млрд. теңгеден асады.

Дереккөз: BNews.kz

9 қараша 2016, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.