Атырау, 13 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өзімізге тиесілі емес ақшаны жұмсап жатырмыз - Перуашев Ұлттық қордағы шығындар жайлы

1 452 просмотра

Мәжілісмен Азат Перуашев (суретте) ҚР Ұлттық қорынан қаражаттың тым көп жұмсалатанын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Ұлттық Қордың үш жылға арналған болжамы бойынша, Ұлттық Қордағы қаражат 9,5 миллиар долларға дейін қысқарады. Сонымен қатар, мәжілісмен қордағы инвестициялық табыстың 712 миллиард теңгеден 686 миллиард теңгеге дейін, яғни 16 пайызға азаюы мүмкін екенін айтып өтті.

"Ұлттық Қорға қаражат тек теңгемен салынбайды, бұл дегеніміз қордағы ақшаның әлі де біраз азаятынын білдіреді. Мемлекет басшысы негізгі екі мәселені шешу үшін Ұлттық қорды құрды: дағдарыс кезінде экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен болашақ ұрпақ үшін ақша жинау. Бастапқыда бұл қордағы қаражат 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жұмсалды. Бірақ уақыт өте келе Ұлттық қордағы қаражат бюджетті толтыру үшін қажетті кезде ала салатын қаражат көзі болды", - деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Азат Перуашев былай жалғаса берсе, Ұлттық Қордағы қаражаттың жетпей қалуы мүмкін екенін айтты.

"Экономикамызды дамытудың орнына біз өзімізге емес, болашақ ұрпағымызға тиесілі ақшаны жеп жатырмыз. Біз инвестициялық табысты көбейтудің орнына, қорда қалған ақщаларды жеп жатырмыз. Бірақ бұл жағдай әрі қарай жалғаса бермеуі керек. Осы қалыппен жүре берсек, күндердің бір күнінде қордың өзі бізге жетпей қалуы мүмкін", - деді депутат.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 қараша 2016, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.