Атырау, 13 қазан 13:18
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мәдениет министрі Тұңғышбай Жаманқұловтың видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді

3 126 просмотра

Image 0Фото: HalykNewsTengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы видеоүндеудің уақытына, яғни оның қашан түсірілгеніне назар аудару керек екенін айтты.

"Видеоүндеудің уақытына назар аудару керек. Бұл қай кезде болған. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін түрлі әдістерді қолданады. Елестетіп көріңіздер, жыл бойында осындай үндеулермен, бопсалаумен ресейлік компанияға 450 миллион теңге шығарғысы келді, ал бұл сол уақытта үш миллион доллар еді. Енді өздеріңіз шешім жасай беріңіздер, өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, қандай қысымға төтеп беруім керек екенін көрдіңіздер. Мұның барлығы ақшаны сыртқа шығару үшін жасалған", - деді министр.

Еске салсақ, Тұңғышбай Жаманқұловтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан араша сұраған видеоүндеуі жарияланған еді.

Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген. "Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Дереккөз: Tengrinews.kz


8 қараша 2016, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.