Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда теракт ұйымдастырған Күлекбаев өлім жазасына кесілді

2 956 рет қаралды

Image 0

Фото: inform.kz

Бүгін Алматыдағы ЛА 155/18 Тергеу абақтысында Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов Алматыда теракт ұйымдастырып, 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкімін оқыды,- деп хабарлады Қазақпарат.

«Руслан Күлекбаев ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58 бабының 4-бөлігін басшылыққа алынып, мүлкін тәркілеумен бірге өлім жазасы тағайындалсын», - деді судья Ерлан Болатов.

Қазақстанда өлім жазасын тоқтатқан мораторий 2003 жылдың желтоқсан айында енгізілді. Мораторий мерзімі шексіз болғанымен, ол қажет болған жағдайда тоқтатылады.

Президент Жарлығы өлім жазасы тағайындалған барлық үкімді тоқтатқан. Алайда, заң бойынша соттарға қарауындағы іске байланысты жаза тағайындауына шектеу қоймайды. Соңғы рет сот осыдан 10 жыл бұрын 2006 жылы өлім жазасын берген.

Күлекбаев ісі бойынша сот қорытындысындағы жарыссөзде Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев соттан Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындауды сұрады.

«ҚР ҚК 291-бабының 2-тармағымен, ҚР Конституциясында ең ауыр жаза өлім жазасы террорлық акті жасағанда қолданылатыны жазылған. ҚР ҚК 200-бабындағы террорлық актіге байланысты Ата Заң атынан, Қылмыстық істер жүргізудегі прокуратура қызметкеріне берілген өкілеттігі негізінде, 255-баптың 4-тармағына сүйеніп, мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы берілуін сұраймын», - деген Бақашбаев ашық сот талқылауының 4-ші күнінде.

Сонымен қатар, прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылған Рафик Люға мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға, жазасын қатаң режімдегі колонияда өтеуді, Сапарбековтің мүлкі тәркіленіп, 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуді, Әсембекұлын мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, Құсайынов 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Дереккөз: Іnform.kz





2 қараша 2016, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.