Атырау, 13 қазан 11:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«СК-Фармация» жекешелендірілмеуі керек – Нұржан Әлібаев

2 433 просмотра

Фото: Baq.kzЖекешелендірудің екінші толқыны аясында «СК-Фармация» компаниясы мен «ҚазМедТех» АҚ жекешелендіруге қойылған болатын. Осы орайда аталмыш компания басшылары бұл мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бұл мәселе өте күрделі. Қазіргі таңда «СК-Фармация» ЖШС-нің стратегиялық жағынан маңызды жұмыс жүргізуде. Мемлекетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді айтып отырмын. Үкіметте де осы мәселе талқылануда. Біз үкіметтің тапсырмасына сәйкес компаниялар мен консалтингтердің жүргізіп отырған жұмыстарының қорытындысын өткіздік. Олардың жұмысына баға бердік. Талаптардың барлығын қарап шықтық. Біздің ойымызша оны («СК-Фармация» ЖШС-і – ред.) жекешелендіруге болмайды. Осы мәселе бойынша (үкіметке – ред.) ұсыныс беріп жібердік», - деді «СК-Фармация» ЖШС-і басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев

Сонымен қатар аталмыш компания басшысы бұл мәселеге екі түрлі бағыттан қарауды ұсынды.

«Біз монополияны жекешелендіреміз бе? Әлде 36 млн теңге активімізді жекешелендіреміз бе? Екеуі екі түрлі мәселе. Үкіметте аталмыш сұрақ жан-жақты талқылануда. Мен «СК-Фармация» компаниясы мемлекеттің меншігінде қалады деп ойлаймын. Яғни компания жекешелендірілмеуі керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді төраға.

Ал «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы Талғат Чиникеев те жекешелендіруге қарсы.

«Бізде сондай жағдайдамыз. Қазіргі таңда үкімет бұл мәселені қарастырып жатыр. Біз 2016-2020 жылдардың ішінде жекешелендірілуі керекпіз деген қаулы қабылданған. Бірақ біз сенімді басқарма бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта жекешелендірілуі мүмкін. Бірақ бізде компанияның жекешелендірілмеуі керек деген ұстанымдамыз. Үкіметте осыны сұраудамыз», - деді.

Оның пікірінше, «ҚазМедТех» АҚ мамандары шетелдік компаниялармен медициналық құрал жабдықтарды сатып алу бойынша келісім жасап жатыр екен. Ал жекешелендіру бұл мәселені күрделендіріп жіберуі мүмкін.

«Себебі, бюджеттің қаржысы жетпей жатқандықтан біз 2017 жылы елімізді медициналық бұйымдардармен жабдықтау үшін өндірушілермен 100% алдын ала төлемей, 10%-ды ғана төлейтін болдық. Ал 90% -ды 3 жылдың ішінде тиісті қаражатты бөлеміз деп келісімге келіп жатырмыз. Олар бұл талаппен келісуде. Себебі, біз 100 % мемлекетке қараймыз. Егер мемлекетке қарамасақ олар бізбен келісімге»келмейді», - деді ол.

Дереккөз: Baq.kz

1 қараша 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.