Атырау, 13 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

А.Мұxамедиұлы ХОК шешіміне қатысты: Спортшыларды далада қалдырмаймыз

1 473 просмотра

Халықаралық Олимпиада комитеті Лондон және Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Таймураз Тигиевтің жүлделерін қайтарып алу туралы ресми түрде шешім шығарған еді. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының пікірін білген едік, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бұл құқықтық сұрақ. Қазір xалықаралық құқық бойынша білімімізді жетілдіріп жатырмыз. Өйткені мұндай жағдай Қазақстанда бірінші рет болып жатыр. Бұл өте күрделі мәселе. Жақын арада xалықаралық тәжірибені ескере отырып, бұл мәселені шешеміз деген ойдамыз», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

«Біз xалықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз. Бүгін Подобедова, Чиншанло, Манеза, Ильинмен кездесеміз. Спортшыларды далада қалдырмайтынымыз анық», - дейді ол.

Кеше Светлана Подобедова алтын медалін қайтармайтынын айтқан еді. Осыған қатысты министрге сауал қойдық. Алайда, А.Мұхамедиұлы бұл сұраққа тұшымды жауап бере алмады.

«Есть международный опыт. Халықаралық тәжірибені оқуға уақыт беріңіздерші. Субьективті түрде сырттарынан пікір айта алмаймыз. Егер xалықаралық тәжірибеде спортшылардың медалін қайтармайтын бап болса, онда көмектесуге дайынбыз. Түсінесіздер ме? Мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет орын алып отыр. Өзіміз де абдырап қалдық», - дейді мәдениет және спорт министрі.

Дереккөз: Baq.kz

1 қараша 2016, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.