Атырау, 13 қазан 11:27
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Министрлік: Қазақстанда биыл 23,6 миллион тонна астық жиналды

2 467 просмотра

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, биыл елде 23 миллион 667 мың тоннадан астам астық бастырылды. Министрліктің 31 қазанда таратқан мәліметіне қарағанда, биыл бір гектар алқаптан орташа есеппен 15,4 центнер астық жиналған. 2015 жылы Қазақстанда 19 миллион 788 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 13,4 центнерден болған еді,- деп хабарлады Азаттық.

Ресми дерекке сәйкес, биыл Қазақстанда жалпы көлемі 15 миллион 351,1 мың гектар егістік алқабынан астық жиналған.

Қазақстанда егістік алқаптары ең көп өңірлер – Ақмола облысы (4 миллион 328,7 гектар), Қостанай облысы (4 миллион 215 мың гектар) және Солтүстік Қазақстан облысы (3 миллион 217,7 мың гектар).

Дереккөз: Аzattyq.org

1 қараша 2016, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.