Атырау, 13 қазан 11:29
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Министр ақпарат туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды

2 892 просмотра

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қоғам болып жан-жақты талқылауға шақырды,- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қымбатты достар!

Біздің министрліктің сайтына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы орналастырылды (мәтіні мына сілтемеде).

Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ол салыстырмалы кесте түрінде беріліп отыр.

Жоба көпшілік талқылауына ұсынылып отыр. 2 қарашада журналистер мен сарапшылардан, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған жұмыс тобының отырысы өтеді. Топ мүшелерінің тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Бұдан бұрын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі аталған заң жобасының Тұжырымдамасы төңірегінде қоғамдық пікірталас ұйымдастырған болатын. Осыған орай жобаны жетілдіруге қатысты көптеген идея, ескертпелер және ұсыныстар түсті.

Құқықтық алаңды жетілдіруге бағытталған сындарлы диалогтың әрі қарай жалғасатынына сенімдімін», - деп жазды министр фейсбуктегі жеке парақшасында.

Дереккөз: Baq.kz

1 қараша 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.