Атырау, 13 қазан 11:28
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

МАГАТЭ Қазақстанның ядролық нысандарын шолып шықпақ

1 969 просмотра

Астанада Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) өкілдері Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын шолып шығу жұмысын бастады деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан үкіметі мен МАГАТЭ-нің ынтымақтастық бағдарламасы аясында құрылған миссияға энергетика министрлігінің өкілдері де кіреді,- деп хабарлады Азаттық.

Министрлік миссия 31 қазан мен 7 қараша аралығында ядролық нысандарға баратынын, ядролық инфрақұрылым 19 критерий бойынша, оның ішінде ядролық қауіпсіздік өлшемі бойынша да бағаланатынын айтады.

Миссия жұмысы барысында қауіпсіздік және АЭС құрылысын салу, кадрларды даярлау сияқты мәселелер де талқыланбақ. Жоспарға сай, жұмыс қорытындысы бойынша МАГАТЭ сарапшылары ұсынысын жасайды.

Наурызда МАГАТЭ Қазақстандағы халықаралық уранды әлсіз байыту банкінің құрылысы 2017 жылы қыркүйекте аяқталады деп хабарлаған. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасатын бұл банкте АЭС-ке қажетті әлсіз байытылған уран қоры сақталмақ.

Дереккөз: Аzattyq.org

31 қазан 2016, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.