
Фото: Baq.kz
Алматыда Марков және Байтұрсынов көшелерінің арасындағы Тимирязев көшесінде орналасқан банк бөлімшелерінің жанында екі адамға шабуыл жасалды. Мұздай қаруланған белгісіз біреу олардың бірінің сөмкесін тартып алмақ болды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам банктен ақшамен шыққан, деп хабарлайды Вaq.kz.
«Олар ұстасып қалды. Қылмыскер аспанға оқ атты да, жігіттердің бірінің басынан тапаншамен ұрып жіберді. Тасжолдағы қан соныкі. Оны «жедел жәрдем» алып кетті», - дейді Тимирязев көшесіндегі ғимараттың күзетшісі.

Фото: Baq.kz
Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр, аумақ қоршауға алынған. Ғимаратта «ВТБ» және «Сбербанк» банктерінің бөлімшелері орналасқан.
Куәгер жәбірленушінің өзімен бірге Ресей азаматының паспорты болғанын айтады.
«Сбербанктің» баспасөз қызметі зардап шеккен азамат банктің клиенті емес екенін хабарлады. Ал «ВТБ» кейінірек жауап беруге уәде етті.
Дереккөз: Вaq.kz
В Атырау 0