Атырау, 13 қазан 11:29
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда

2 220 просмотра

Фото: inform.kzТалдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бақытбек Есентаевтың қорғаушыларының бірі Мырзатай Мұхтар Біржанұлы бүгінгі сот отырысына Баян Мақсатқызының да келетінін айтты.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталған болатын. Алғашқы тыңдалымға Баян Мақсатқызы қатысты. Ол өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіргенін айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін, деген пікірлерін білдіруде. Ал процестің бір ерекшелігі бұл жерде алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Есентаевтардың отбасында болған жағдай қалың жұрттың жағасын ұстатты. Бақытбек Есентаев өзінің 20 жыл бойы отасқан әйелін пышақтап, ауруханадан бір-ақ шығарды.

Дереккөз: Іnform.kz

31 қазан 2016, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.