Атырау, 13 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Б. Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

1 931 просмотра

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты,- деп хабарлады Рrimeminister.kz.

Отырыс барысында қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған бюджетін, ЕАЭО Кедендік кодексі туралы шарт жобасын, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі тауарлардың қадағалану шараларын, Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық қызметін, сонымен қатар, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев отырыста Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланып, интеграциялық бірлестікті әрі қарай дамытудың жолдары белгіленгенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде, Вьетнаммен Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қойылды. Шамамен 40 мемлекет қызығушылық танытты.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылды, Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығымен, ҚР Президенті Н. Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдерімен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын тереңдету жылы деп жариялады.

Дереккөз: Рrimeminister.kz

28 қазан 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.