Атырау, 13 қазан 11:29
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ә.Жақсыбеков министрліктер штатын қысқартуды ұсынды

1 435 просмотра

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков министрліктер штатын қысқарту керектігін айтты. Мұндай ұсынысын ол бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы тұру агенттігінің кеңейтілген жиынында жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Меморгандардағы тағы бір өзекті проблема – кадрлар тұрақсыздығы. Қаншама жұмыс орындары ұзақ уақыт бойы бос қалады. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша, Қаржы министрлігінде күні бүгінге дейін 970 қызмет бос тұр. Ұлттық экономика министрлігі бойынша – 900 қызмет, Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 280. Аймақтарда да осы жағдай», - деді ол.

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі атап өткендей, басшыларды жұмыстан шеттету, бос жұмыс орындарының сол күйі бос қалуы – осының бәрі аппараттың тұрақтылығына кедергі жасап, қалған қызметкерлердің артық жұмыс істеуіне, артынша жұмыс сапасының төмендігіне алып келуде.

«Осы жерде толық талдау жүргізу маңызды – мұндай жағдайдың қалыптасуына не себеп, осыншалықты жұмыс орындары неге бос қалуда? Мүмкін министрліктердегі штат санын қысқарту керек шығар? Осы жерде үнемдеуді естен шығармау қажет», - деді Ә.Жақсыбеков.

Дереккөз: Baq.kz

28 қазан 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.