Атырау, 13 қазан 11:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Руслан Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты

2 761 просмотра

Фото: tengrinews.kzРуслан Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол қандай жаза тағайындалса да, қабылдайтынын мәлімдеді.

Күлекбаев өз әрекетін құқық қорғау органдарының оны бостандығынан заңсыз айырғандығымен түсіндірді. Айтуынша, оның жақтастарын құқық қорғау органдары заңсыз жазалаған. "Менің бауырларым құқық қорғау органдарынан жәбір көрді, оларға зәбір көрсетті. Сондықтан кек алғым келді, өкінбеймін, бірақ мен жәбірленушілердің жан күйзелісін толықтай түсінемін", - деп сөз арнады сотталушы қаза болғандардың туыстарына. "Бірақ мен қандай жаза болса да, мейлі ол өмір бойына бас бостандығымнан айыру болса да, өлім жазасына кессе де, қабылдаймын", - деп мәлімдеді Күлекбаев.

Айта кетейік, тараптарды қатар тыңдау өткеннен кейін ол бірден сөз сөйлей алмай, әжетханаға барып келуге рұқсат сұрады. Осыған байланысты сот бес минут үзіліс жариялады. Істің қалған фигуранттары тағылған айыптармен ішінара келісті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қазан 2016, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.