Атырау, 13 қазан 09:16
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Пекинде күміс алған Қазақстан балуаны медалін қайтарады

2 220 просмотра

Пекин олимпиадасында еркін күрестен 96 килограмда күміс медаль алған Таймураз Тигиевтің допинг сынамасын қайта тексергенде "допинг табылған". Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өз сайтында ресми түрде мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

ХОК шешіміне сай Тигиев Пекиндегі медалін қайтаруы тиіс. Спортшының медалін қайтару жұмыстарымен Қазақстан олимпиада комитеті айналысады.

Осетияда туған Тигиев 2006 жылға дейін Ресей атынан жарыстарға қатысқан. Кейін Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің спортшысы ретінде әлемдік турнирлерге қатысты.

Пекин олимпиадасында Қазақстан екі алтын, төрт күміс, жеті қоламен жалп есепте 29-орын алған еді.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 қазан 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.