Атырау, 13 қараша 19:26
 дождьВ Атырау +7.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Сағынтаев пен Медведев екі жақты қарым-қатынасты талқылады

2 619 рет қаралды

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп, екі жақты қарым-қатынасты талқылады,- деп хабарлады Азаттық.

Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьерлер кездесуде өнеркәсіп, энергетика, сауда және экономика салаларындағы ынтымақтастықты талқылаған.

Кездесуде сонымен қатар 27-28 қазанда Минскіде өтетін ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі мен Еуразия үкіметаралық кеңесінде көтерілетін мәселелер де қарастырылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 қазан 2016, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.