Атырау, 13 қазан 09:21
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтөбеде кен орнында екі жұмысшы қаза болып, біреуі ауруханаға түсті

2 002 просмотра

Кеше «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Северная Трува» кен орнында екі жұмысшы қаза болды. Тағы біреуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Мұнай компаниясының баспасөз қызметі оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жедел ақпарат түскен бойда компания дәрігерлерді кен орнына жіберді. Үш адамға көмек көрсетілгенімен, 45 және 46 жастағы екі жұмысшы мерт болды. Қазіргі уақытта 31 жастағы тағы бір жұмысшы ауруханада ем қабылдап жатыр. Адам өлімімен аяқталған оқиғаның негізгі себебі анықталуда. Бұл өндіріске байланысты қайғылы оқиға емес. Зардап шеккендер жұмыс ауысымы аяқталған соң ішімдік ішкен»,- деп хабарлайды «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, хабарламада жұмысшылар арасында өндірістік қауіпсіздікті, адам денсаулығын сақтау шаралары өткізілгені, вахталық поселкеде ішімдік ішуге тыйым салынғаны туралы айтылған.

Айта кетейік, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ облыстың Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандарында қара алтын өндіреді. Оқиға болған «Северная Трува» кен орны Байғанин ауданының Кемерши селолық округіне жақын маңда орналасқан.

Дереккөз: Baq.kz

26 қазан 2016, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.