Атырау, 13 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"Астана" - үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы

1 959 просмотра

Футболдан "Астана" командасы үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Бүгін, 26 қазанда "Астана" сырт алаңда Көкшетаудың "Оқжетпес" командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті,- деп хабарлады Азаттық.

Осы нәтижеден кейін астаналық клуб екінші орында келе жатқан алматылық "Қайраттан" бес ұпайға озып кетті. "Қайрат" 29 қазанда өтетін соңғы турда өз алаңында "Оқжетпес" командасымен ойнайды. "Қайрат" бұл матчта жеңіске жетсе де "Астанаға" ұпай саны бойынша жете алмайды.

Алматылық команда екінші жыл қатарынан екінші орын алды. Үшінші орынға "Ертіс" (Павлодар), "Оқжетпес" және "Ордабасы" (Шымкент) командалары таласады.

Дереккөз: Аzattyq.org

26 қазан 2016, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.