Атырау, 13 қазан 09:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ОПЕК Қазақстанды Венада өтетін кездесуге шақырды

1 283 просмотра

ОПЕК 29 қазанда Венада өтетін кездесуге картельге кірмейтін елдерді де шақырды. Алдағы басқосуға шақырылған 12 мемлекеттің арасында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Baq.kz.

29 қазан күні Венада өтетін кездесуге ОПЕК картельге кірмейтін 12 елді де шақырды.

«ОПЕК-ке кірмейтін елдер, соның ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Бразилия, Колумбия, Мексика, Норвегия, Оман және Ресей өкілдері осы аптада өтетін техникалық келіссөздерге шақырылды», - делінген хабарламада.

Алайда, Bloomberg агенттігі аталған елдердің кездесуге қатысып-қатыспайтынын нақтыламаған.

Венесуэланың мұнай министрі Эулохио дель Пино аталған елдердің қайсысы қатысуға келісім берді деген сұраққа әзірге Ресей мен Қазақстан ғана қатысатынын растағанын айтты. Сонымен бірге, ол 28 қазан күні ОПЕК елдері өкілдерінің кездесуі өтетінін, ал 29 қазан оларға басқа мемлекеттердің өкілдері қосылатынын нақтылады.

Дереккөз: Baq.kz

26 қазан 2016, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.