Атырау, 13 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бишімбаев: Жаңа "Нұркент" қаласын салуға 11 миллиард теңге сұрайды

1 737 просмотра

Алматы облысының әкімдігі Қазақстан-Қытай шекарасында "Нұркент" деп аталатын жаңа қаланың инженерлік инфрақұрылымына 11,3 миллиард теңге (шамамен 33 миллион доллар) сұрайтындығын мәлімдеді ұлттық экономика министрлігі,- деп хабарлады Азаттық.

Бүгін Астанада ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аймақтардан инфрақұрылымдар салуға миллиардтаған қаржы бөлуді сұраған өтініш көптеп түсіп жатқанын айтты. Бишімбаев мысал ретінде Астанада ішкі істер департаментінің құрамын орналастыратын нысандарға 21,7 миллиард теңге сұралғанын, Батыс Қазақстан облысы жыл сайын жол жөндеуге жеті миллиард теңгеден бөліп отыруды, Қызылорда облысы әуежайды жаңалауға 800 миллион теңге сұрайтынын келтірді.

Әзірге жоба жүзіндегі "Нұркент" қаласын билік халықаралық "Қорғас" шекаралық ынтымақтастық орталығы мен арнайы экономикалық аймақтың бір бөлігі ретінде көріп отыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл қыркүйекте Алматы облысына сапарында жаңа қаланың бас даму жоспарымен танысқан. Қаланы сол кездің өзінде "Нұркент" деп атау ұсынылған.

Қазақстан билігі жоспар бойынша 20 жылдан соң қалада 100 мыңға жуық халық тұрады дейді. Әзірге жоспардағы қала орнында теміржолшылардың елді мекені орналасқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

25 қазан 2016, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.