Атырау, 13 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

1 781 просмотра

Фото: kazinform.kzҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2016 жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Талғат Жанібеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт Министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мухамедиулына қатысты бейнеролик жариялаған еді.

Мұхамедиұлы өз кезегінде Талғат Жәнібековті ҚР ҚК-ның 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.

Сот Талғат Жәнібековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, А.Мухамедиулының абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Т.Жаныбековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК (1 миллион 60 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 қазан 2016, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.