Атырау, 13 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жанар-жағармай бағасы тұрақты болады, тапшылық жоқ – Энергетика министрлігі

2 727 просмотра

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзалиев 9 айдағы жұмысты қорытындылай келе, жанар-жағармай бағасының тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бензин өндірісі 2,2 миллион тоннаны құрады. Ал, авиакеросин 213 мың тонна, дизель отыны 3,1 миллион тонна, мазут 2,2 миллион тонна өндірілді. Барлық көрсеткіш көңілден шығады. Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге 322,2 мың тонна және күзгі дала жұмыстарын өткізуге 360,7 мың тонна жанар-жағармай материалы тиелді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отыны уақытылы жіберілді», – дейді Мағзұм Мырзалиев.+

Вице-министр сондай-ақ елдегі жанар-жағармай бағасының тұрақты екенін де айттыі. Айтуынша, бензиннің АИ-92, АИ-93 түрінің бір литрі елімізде 125-128 теңге аралығында, ал дизель отыны 129 теңге көлемінде сатылып жатыр.

«Тапшылық мәселесі жоқ. Жақында қосымша 90 мың тонна дизель әкелінді. Сондай-ақ, мұнай базасында қосымша 130 мың тонна АИ-92, АИ-93 бензині, 126 тонна дизель отыны сақталып тұр», – деп түйіндеді ол.

Дереккөз: BNews.kz

25 қазан 2016, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.