Атырау, 29 наурыз 06:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​«Жер митингілері» туралы іс: «Халық көп жиналды. Содан соң Аянов келді...»

3 389 просмотра

24 қазан күні азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша сот процесіне куәгер ретінде Атырау қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ қатысты.

Бұл жолы екі сотталушы да сот отырысына қатысып, куәгерлерге сұрақтар қойды. Бұрынғы қала басшысынан бөлек куәгерлер ретінде Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман БӘЖЕНОВТЕН, сонымен қатар, 2016 жылдың көктемінде қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымын атқарған Жанат ДОСҚАЛИЕВАДАН жауап алынды.

Азаматтық белсенділер мен олардың қорғаушыларын бейбіт митинг өткізуге рұқсат беру тәртібі қызықтырды: белгілі жерлерге митинг жиынын өткізуге бола ма, оны кім шешеді, ескерткіштері бар алаңдарда митингтер өткізуге салынатын тыйымдар қандай құжаттармен реттеледі, азаматтық белсенділердің қайсысымен ықтимал митинг өткізетін жерлер талқыланды?

– Сіз митингті сөзсіз тоқтату туралы өкім бердіңіз бе? – деп сұрады Макс Боқаев Нұрлыбек Ожаевтан.

Ожаевтың айтуынша, ол митингті тоқтату қажеттігі туралы айтқан, бірақ сөзсіз тоқтатуға өкім бермеген, өйткені бұл мәселені бейбіт реттегісі келген. Оның үстіне, ол ішкі органдардың өкілдеріне алаң шетіне қарай митингке шығушылардан әрігірек тұруға кеңес берген. Ал рұқсат етілген кездесулер үшін орын таңдаумен мәслихат айналысады.

24 сәуірде шамамен таңертеңгі сағат 10-да біз Ожаевпен бірге Исатай мен Махамбет алаңында болдық. Отырғыштарда отырған жастарды көрдік. Ожаев олардың бұл жерде не істеп жүргендерін сұрады. Олар жерді шетелдіктерге, соның ішінде қытайлықтарға сатайын деп жатыр деп естігендерін айтты. Нұрлыбек Ожаев оларға жердің сатылмайтынын түсіндірді. Сол кезде жастардың бірі неліктен өздеріне мұны дұрыс түсіндірмегенін сұрады. Біртіндеп адамдар жинала бастады. Халық көп жиналды. Біз бәріне жағдайды түсіндіре бастадық. Сәлімжан НАҚПАЕВ келіп, дыбыс зорайтқыш арқылы бәрін түсіндіре бастады. Содан кейін мен шетке ығыстым, Нақпаев та сөйтті. Ортада Ожаев қалды. Кенет біз Талғат Аяновтың келгенін естідік, сосын адамдар алаң ортасына, монумент жаққа қарай ұмтылды, - деп әңгімеледі Арман Бәженов.

Макс Боқаев Бәженовтен сұрады:

– Сол күні алаңда сізге агрессиялық, бүлдіргі ниеттегі, бәлкім, қолдарында өртегіш қоспа құйылған бөтелкелері бар, сойылдары бар адамдар ұшырасты ма?

– Жоқ.

– Сізге бір істі бітіріп, содан соң қашып кету үшін келгендей сезім тудыратын, ақшаға сатылған жандарға ұқсайтын адамдар кездесті ме?

– Жоқ.

Сот отырысы барысында қорғау тарапынан куәгерлер жауабының қазақ тілінен орыс тіліне аударылу сапасына байланысты әлденеше рет сұрақтар туындады. Іс материалында егер азаматтық белсенділер өз петицияларына жауап алмайтын болса, адамдарды қайтадан митингке шығуға үндеген делінген. Алайда жауаптың түпнұсқасында, адвокаттардың айтуынша, мұндай үндеу туралы әңгіме болмаған. Макс Боқаевтың қорғаушысы Жанаргүл БОҚАЕВА аудармашының біліктілігін растайтын құжаттар ұсыну туралы, сонымен қатар, сотқа іс материалдарын аударумен айналысқан маманды шақыру туралы өтініш берді. Алайда судья Гүлнар ДӘУЛЕШОВА бұл өтінішті қабыл алмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қазан 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.