Атырау, 13 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматыда «Центркредит» банкке шабуыл жасалды

1 873 просмотра

Таңертең «Центркредит» банкінің бөлімшесіндегі күзетшіге қылмыскерлер шабуыл жасап, оның қаруын иемденіпті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін таңертең сағат 8-ден 10 минут кеткенде Алматы қаласының ІІД Шұғыл басқару орталығына Алматының Алмалы ауданындағы «Центркредит» банкінің бөлімшесіне шабуыл жасалды деген хабарлама түсті. Шабуылдаған екі қылмыскер банк күзетшісінің қаруын алып кеткен. Әзірге шабуыл жасағандардың кім екені белгісіз. Қалада «Дабыл» арнайы операциясы жарияланды», – деп хабарлады Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазір қылмыскерлерді тұтқындау үшін шұғыл шаралар қолға алынды.

Дереккөз: BNews.kz

25 қазан 2016, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.