Атырау, 13 қазан 09:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматы соты кеше ұсталған үш белсендіні 10 тәулікке қамады

2 462 просмотра

Фото: аzattyq.orgАлматының ауданаралық әкімшілік соты жексенбі күні кешке бес белсендінің ісін қарап, олардың үшеуін он тәулікке қамауға шешім шығарды,- деп хабарлады Азаттық.

Сот шешімімен Құрал Медеуов, Асхат Берсалимов және Сүйіндік Алдабергеновтің әрқайсысы «бейбіт жиын, митинг, шеру өткізу тәртібін бұзғаны» үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ал Әсел Мақсұт пен Ақерке Әбішеваға ескерту жасалған. Бұл туралы Азаттыққа сотта белсенділерді қорғаған адвокат Жанар Балғабаева хабарлады. Ол сот шешіміне шағым түсіретінін айтты.

Бес белсендіні бүгін түскі сағат 12-нің шамасында қазір Атырауда соты өтіп жатқан Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау акциясын өткізу үшін Алматының орталығына жиналған кезде полиция ұстап әкеткен еді.

Ұсталғандарға қолдау білдіріп әкімшілік сотқа барған басқа белсенділерді сот залына кіргізбей қойған.

Азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның үстінен «заңсыз митинг ұйымдастырған» және «араздық қоздырған» деген айыптар бойынша қозғалған қылмыстық іс қазір Атырау сотында қаралып жатыр. Сәуірдің 24-і күні Атырауда өткен жер реформасына қарсылық митингісінен соң көп ұзамай қамауға алынған екі белсенді өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 қазан 2016, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.