Атырау, 13 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бас прокуратура Ерқанат Тайжановты Австриядан экстрадициялау мәселесімен айналысуда

2 027 просмотра

Фото: inform.kz2015 жылдың қазан айында xалықаралық іздеуге жарияланған «Азбука жилья» компаниясының басшысы Ерқанат Тайжанов (суретте) әлі де болса Австрияда бас сауғалауда. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз қазір австриялық биліктен аталмыш тұлға бойынша нақты іс-қимылдар күтеміз. Тайжанов қазір Австрияда", - деді Кравченко шетелге заңсыз шығарылған қаражаттар бойынша өткен семинар кезінде тілшілерге берген сұxбатында.

"Меніңше, осы мәселе жақын арада оң шешімін табады. Біз Бас прокуратурада австриялық ресми тұлғалармен кездесу өткіздік. Австрия елшілігінің өкілдеріне ол адамның Қазақстан азаматтарына қандай залал келтіргенін, олардан жымқырылған қаражат шетелге аударылғанын түсіндірдік", - деді ол.

Айта кетейік, Австрияның құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іздестіру шаралары барысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденуі және талан-таражға салғаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған Тайжанов Ерқанат Шарапатұлы 13 мамырда Австрияда ұсталды. Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында «Азбука жилья» компаниялар тобының нақты иесі бола тұрып, үлескерлердің 40 млрд. теңгеден асам қаржысын қасақана әрі заңсыз иемденген.

«Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшыларынан «Айсанам», «Айсанам де люкс», «Комсомольский», «ExpoCity», «ExpoTown», «Комфорт», «Гарант», «Жеті Жол», «Садовые кварталы» және «Династия» тұрғын үй кешендерінің 3,3 мың үлескері зардап шекті.

Дереккөз: Іnform.kz

24 қазан 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.