Атырау, 13 қазан 09:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бердібек Сапарбаев сотта жеңіп шығып, Егеубаевтан 100 мың теңге өндіріп алды

2 559 просмотра

Фото: kapital.kzБүгін Астана қаласының Алматы аудандық соты Бердібек Сапарбаевтың моральды шығын өндіру туралы А.К.Егеубаевқа қатысты арызын жартылай қанағаттандырды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Сот А.Егеубаевтың 2016 жылдың 10 шілдесінде «ШҚО Үржар ауданында орналасқан 87 437 гектар жер телімі 2016 жылы сол уақыттағы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен қытай азаматтарына сатылғаны туралы» www.youtube.com сайтында жариялаған материалын шындыққа жанаспайды деп танып, А.Егеубаевқа «Today» ақпараттық агенттігінде жоғарыдағы материалдың жалған екендігі туралы мәлімдеме жасауға міндеттеді», - деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сот моральды шығынға өтеу ретінде А.Егеубаевтан Б.Сапарбаевқа 100 мың теңге өтемақы өндіріп берді.

Дереккөз: BNews.kz

21 қазан 2016, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.