Атырау, 22 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан Президенті CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді

2 694 рет қаралды

Фото: akorda.kzҚР Президенті Н. Назарбаев CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты өз пікірін білдірді.

Араб әлемі елдеріндегі хабар таратушы ірі компанияның бірі болып саналатын CNBC Arabia – қаржы-экономика тақырыбына бейімделген, өңірлік және халықаралық ауқымдағы басты оқиғаларды жариялап-көрсетуге маманданған телеарна.

Дереккөз: Аkorda.kz

20 қазан 2016, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.