Атырау, 13 қазан 07:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

22 жастағы алматылық қыз зорлады деп жалған арыз бергені үшін сотталды

2 916 просмотра

22 жастағы алматылық қызды өтірік жала жапқаны үшін соттады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле аудандық соты Алматы қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Ол құрбысымен төбелескенін туыстарынан жасыру үшін, полицияға зорландым деп арыз жазған.

"Сотта қыздың танысының туған күнін тойлап жүрген уақытта алкоголді ішімдікті ішкеннен кейін, сол кешке шақырылған тағы бір қызбен жанжалдасып, төбелес салдарынан жеңіл деңгейлі дене жарақаттарын алғаны анықталған. Үйіне қайтқан уақытта ол бұл істі жасыру үшін туыстарына, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне жалған мәлімет берген. Ол өзін үйге жеткізіп салған такси жүргізушісінің шабуыл жасап, зорлағанын айтқан", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала тергеу шаралары барысында, куәгерлерді сұрастырғаннан соң және төбелесті көрген адамдардың мәліметінен кейін қыз өзінің жалған мәлімет бергенін мойындаған. Сот үкімі бойынша, қыз "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бабы бойынша айыпты деп танылып, оған бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 қазан 2016, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.