Атырау, 13 қазан 07:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Д.Назарбаева НАТО-ның Арнаулы өкілімен кездесті

1 386 просмотра

Фото: pariam.kzПарламент cенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказдағы Арнаулы өкілі Джеймс Аппатураймен кездесті. Кездесуге сенаторлар Икрам Адырбеков және Мұхтар Алтынбаев қатысты, деп хабарлады Рarlam.kz.

Дариға Назарбаева НАТО-мен әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы маңызды басымдық екенін тілге тиек етті. Әңгіме барысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы аймақтық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін Солтүстік Атлантика альянсының қазіргі кездегі бағдарламалары мен үздік тәжірибесін тартуға біздің еліміздің мүдделі екенін айтты. НАТО Бас хатшысының Арнаулы өкілі Қазақстан мен Солтүстік Атлантика альянсы арасындағы өзара іс-қимылды, еліміздің бітімгерлерінің дайындық деңгейін оң сипаттай отырып, Қазақстанның жаһандық дипломатиядағы рөлін жоғары бағалады.

Дереккөз: Рarlam.kz

19 қазан 2016, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.