Атырау, 13 қазан 07:25
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қанат Исламның Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жегі «Қазақстан» арнасынан көрсетіледі

1 811 просмотра

Бокссүйер қауым қазанның 29-ы күні «Алматы арена» сарайында өтетін бокс кешін тікелей эфир арқылы «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады,- деп хабарлады Baq.kz.

Аталған кештің басты кездесуі – қазақстандық Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасында өтеді. Қарсыластар WBA Fedelatin атағы мен WBO Intercontinental дәрежесіндегі чемпиондық белбеу үшін бақ сынасады.

Көрермендер осы кештегі барлық кездесуді сағат 18-00-ден бастап тамашалай алады.

Айта кетейік, жақында ғана Қанат Ислам Алматыда ашық жаттығу өткізді.

«Өз Отанымда мұндай кездесу өткізу мен үшін зор мәртебе. Менің қарсыласым осал адам емес. Ол өзі өткізген 36 кездесудің 28-інде нокаутпен жеңген. Мен жанкүйерлерімнің қолдау көрсететініне сенемін»,-деді Қанат сұхбаттарының бірінде.

Бұл кеште көрермендер әлем чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы, Рио-де Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлының кездесуін де тамашалайды. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін колумбиялық Милтон Нуньеске қарсы өткізеді.

Сондай-ақ, осы күні бокссүйер қауым қазақстандық танымал боксшылар Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шарибаев пен Айдос Ербосынұлының да жекпе-жектерін тамашалайды.

Дереккөз: Baq.kz

18 қазан 2016, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.