Атырау, 13 қазан 07:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтөбеде лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды

2 236 просмотра

Фото: BNews.kzАқтөбеде 5 маусым күні қарулы қақтығыс жасаған 9 адамның ісі алдын ала тыңдалып жатыр. Қылмыстық істің судьясы – Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов, деп хабарлайды BNews.kz.

«Сот залында сотталушыларға барлық жағдай жасалған. Оларға арнайы тұрмыстық қажеттіліктер орнатылды. Ас ішетін орын, әжетхана жасақталды. Ал сот ғимаратында 20 бейнекамера орнатылған. Екі аудио жазба құралы да бар. Сонымен қатар, сотталушылардың әр қадамын бақылап отыру үшін ғимаратқа камера түгел орнатылды», - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Айта кетейік, 29 сотталушыны 27 адвокат қорғайды. 201 томнан тұратын қылмыстық істе 88 жәбірленуші, 48 куәгер бар. Бүгін алдын ала сот тыңдауына сотталушылардың туыстары келген жоқ. Ал сотталушыларды арнайы күзет жергілікті уақытпен 7:30-да әкелді. Сот ғимаратын жергілікті полиция қоршап, қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Қаладағы Шәмші Қалдаяқов көшесі уақытша жабылды.

Дереккөз: BNews.kz

18 қазан 2016, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.