Атырау, 13 қазан 07:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Биыл қыс қатты болады – Қазгидромет

2 719 просмотра

Бүгін ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК өткізген бапасөз конференциясында Ұзақ мерзімді ауа райын болжау басқармасының бастығы Гүлмира Ақышева биыл қыста қар қалың түсіп, күн ызғарлы болатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның айтуынша, қарашада ауа райы тұманды болып, жауын-шашын мол түседі.

«Жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан жоғары болады. Қараша айының екінші жəне үшінші он күндігінде ауа температурасы едəуір төмендейді деп болжануда. Қарашаның басында солтүстік өңірлерде, екінші жартысында оңтүстікте қалың қар түседі. Еліміздің шығысы, солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендейді, күндіз орташа есеппен 8-16 градус суық болады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік шығыста түнде 5-12 градус, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз болады», – деді Гүлмира Ақышева.+

Мамандардың болжауынша, келе жатқан қыс ызғарлы болмақ. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында қыс басқа жерлердегі климаттық мəннен жоғары болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда мен Қарағанды облысында жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан асады.

Дереккөз: BNews.kz

17 қазан 2016, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.